Алуа Жолдыбалина Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауында айтқан бастамаларға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттің бүгінгі Жолдауында біршама жаңа бастамалар көрініс тапты. Ең біріншіден мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасы. Бүгінгі мемлекеттік қаржыны жұмсау және оны бақылау тәртібіне үлкен мән берілді. Ұлттық қордан бөлінетін қаражат, одан кейін бюджеттен әр түрлі бағдарламаларға берілетін қаражаттың барлығын бақылау және оны тиімді басқаруға байланысты жаңа бастама айтылды. Екіншіден, цифрлық үкіметтің жаңа архитектурасын құру. Яғни, барлық қызметтерді, әсіресе квазисектордағы ұйымдарға цифрлық қызметтің барлығын қол жетімді етіп, цифрландыруға мүмкіндік береді- деді Алуа Жолдыбалина.

Сонымен қатар, ол Жолдауда айтылған ғылым саласын дамытудың маңызына тоқталды.

«Жолдауда ғылым саласын үшжылдық грант беруді 5 жылға дейін созу мәселесі орынды қозғалды. Бұл өз кезегіндел іргелі зерттеулерді жүргізуге, тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тағы бір маңызды бастама мәслихат пен мәжіліс депутаттарының орындарын бөлу. Ендігі кезде 30%-дық квотаның ескерілуі міндетті түрде болады. Яғни, егер оған дейін кандидаттардың тізімінде ғана осы квота сақталынса, енді депутаттармен, әсіресе, мәслихат, мәжіліс деңгейіндегі депутаттардың орындарын бөлген кезде бос квотаның сақталуы ол саяси модернизацияның әрі қарай жалғасын көрсетеді»- деп толықтырды Алуа Жолдыбалина.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Жолдауда Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы жылға арналған басым мақсаттарын жария етті.


Авторы: Думан Арғынгелді



Соңғы жаңалықтар