Алтынтөре Бөкенов Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды

None
Фото; Қарағанды қалалық мәслихаты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қалалық мәслихаты VIII шақырылымының бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті. Депутаттар төсбелгілері мен куәліктерін алып, мәслихат төрағасын сайлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа шақырылым депутаттарының бірінші сессиясы 19 наурызда өткен сайлаудың қорытындыларын жариялаудан басталды. Ақпаратты қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Дархан Малдыбаев оқып, содан кейін VIII шақырылымдағы депутаттарға куәліктер мен төсбелгілерін табыс етті.

Мұнан соң депутаттар сессияның күн тәртібін қарауға кірісті. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша қалалық мәслихаттың төрағасы болып Алтынтөре Бөкенов сайланды.

Бөкенов Алтынтөре Жангелдіұлы - экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Қарағанды банк колледжі» ЖМ директоры. Қалалық мәслихаттың VII шақырылымының депутаты болған, еңбек және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияны басқарған.

Депутаттар тұрақты комиссиялардың құрамын және олардың төрағаларын да анықтады.

Қаланың әлеуметтік саласы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі комиссияны Марина Сергеевна Платонова, экономика, даму бағдарламасы, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссияны Денис Витальевич Дедов басқарады. Заң және адам құқықтары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Равиль Исламұлы Садықов, ал қаланың құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі төрағасы болып Төлеген Мұқатайұлы Әшімов сайланды.

Депутаттарды құттықтаған қала әкімі Мейрам Кожухов сайлаушылар мүддесі үшін жұмыс істеу, берілген уәделерді орындауға барынша күш салу қажеттігін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар