«Алтынтау Көкшетау» ЖШС-нің ұжымы әрдайым Н.Назарбаевқа сенім артады - Б.Әбенов (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының ҚР Президенттігінің сайлауына Н.Назарбаевтың кандидатурасын ұсыну туралы шешімі «Алтынтау Көкшетау» ЖШС-нің ұжымы тарапынан қызу қолдауға ие болды. Бұл туралы бүгін аталған кәсіпорын ұжымының қатысуымен өткен жиын да айтылды.

Кеншілер бірауыздан көшбасшы партияның шешімін құптап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанның алда әлі де биік белестерді бағындыратынына зор сенім артып отырғандарын білдірді.

«Елбасы атауын қойған «Алтынтау Көкшетау» ЖШС-нің ұжымы әрқашанда Н.Назарбаевпен бірге, - деп атап өтті ұжым алдында сөз сөйлеген кәсіпорын жұмысшысы Балабек Әбенов. - «Алтынтау Көкшетау» - еліміздегі теңдесі жоқ, алтын өндіретін алпауыт кәсіпорын. Бюджетке қомақты қаржы салып, Жолдауда айтылған әлеуметтік мәселелердің де оң шешілуіне зор үлес қосуда. Мемлекет басшысы біздің кәсіпорынның жұмысын назарына алып, ұдайы қамқорлық көрсетіп келеді. Сондықтан біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, саяси тұрақтылық пен достықтың іргесін бекем еткен Нұрсұлтан Әбішұлына сенеміз».

Соңғы жаңалықтар