Алтыншы қабаттан секірген қызды милиционерлер кілем керіп құтқарып қалды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан Республикасындағы «Тунгучеде» көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секірген бойжеткенді милиционерлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Кабар Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның дерегі бойынша, 20 ақпанда 14:20-да Бішкек қаласы Октябрь аудандық ІІБ-ге өз-өзіне қол жұмсауға оқталу туралы хабар түскен. «Тунгуч» шағынауданында белгісіз бойжеткен алтыншы қабаттың терезесінен секірмек болған. Оқиға орнына Октябрь аудандық ІІБ қызметкерлері жедел жетті. Бойжеткен алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен секірмек болған.

«Оны райынан қайтаруға көндіру әрекеттері нәтиже берген жоқ. Милиция қызметкерлері шұғыл кілем тауып, оны терезенің астына керді. ТЖМ қызметкерлері есікті бұзып ішке кірген мезетте бойжеткен секіріп кетті. Абырой болғанда, төменде дайындалып тұрған милиционерлер оны құтқарып қалды», - деп атап өтті ІІМ.

Қазіргі таңда суицидтің себебі анықталып жатыр. Қыздың жеке басы анықталды, биыл мамырда ол 18-ге толады.

Соңғы жаңалықтар