Алтынкөл-жол кеден бекетінде қауіпті қалдықтарды алып өтпек болғандар ұсталды
2022 жылғы 14 мамыр 04:16

Алтынкөл-жол кеден бекетінде қауіпті қалдықтарды алып өтпек болғандар ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы аумағындағы «Алтынкөл-жол» кеден бекетінде пайдаланылған автомокөлік шиналарын заңсыз алып өту дерегі тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Темір жол көлік құралдарын кедендік тексеріп-қарауды жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері декларацияланбаған тауарларды - пайдаланылған автокөлік шиналарын тапты. Олардың жалпы саны - 3 365, салмағы - 29 267 кг. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының Тарифтік емес реттеу шаралары туралы шешіміне сәйкес, мұндай шиналарды Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы арқылы алып өтуге тыйым салынады», - делінген хабарламада.

Jańalyqtar

MURAǴAT