+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Алтынемел мен Қаратау қорығы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тізіміне енді

2017 жылғы 16 маусым 10:35
Бөлісіңіз:
Алтынемел мен Қаратау қорығы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тізіміне енді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 12-15 маусым аралығында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Адам және биосфера» бағдарламасы халықаралық үйлестіру кеңесінің кезекті сессиясы өтіп, онда ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тізіміне 23 жаңа биосфералық қорықты енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды БҰҰ Жаңалықтар орталығы.

ЮНЕСКО-ның желісін толықтырған нысандар қатарында Қазақстандағы «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық саябағы мен Қаратау биосфералық қорығы, Ресей мен Қазақстандағы «Үлкен Алтай» биосфералық қорығы, сондай-ақ Ресейдің «Хакасский», «Кизлярский залив» және «Метсола» қорықтары бар.

Айта кетейік, «Үлкен Алтай» биосфералық қорығына Ресей Федерациясындағы Катун биосфералық қорығы мен Қазақстандағы Қатонқарағай биосфералық қорығы жатады. «Үлкен Алтай» қорығының жалпы аумағы 1,5 млн гектардан асады.

Биосфералық қорықтар - биоәртүрлілікті зерттеуге арналған «тірі зертханалар» мен табиғи ресурстарды кешенді басқару үшін түрлі тәсілдемелерді сынау алаңы саналатын аймақ.

Қазіргі таңда дүниежүзілік биосфералық қорықтар желісінде 120 елде орналасқан 700 нысан бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Экология, ЮНЕСКО,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT