Алтын үлесінің көптігі өзін өзі ақтайды – Ұлттық банк

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова алтын құнының алтын валюталық резервке қалай ықпал ететінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен айда алтын бағасы 73 долларға немесе 3,7%-ға кеміді, бұл алтын валюта резервтері көлемінің төмендеуіне әсер етті.

«Қыркүйекте резервтер 35,4 доллардан 33,8-ге дейін қысқарды. Алтын портфелі шамамен 800 млн долларға азайды. Резервтер төмендеуіне басқа да факторлар ықпал етті. Екінші деңгейлі банктердің Ұлттық банктегі шоттарында ұстайтын қаражатының 450 млн долларға азаюы, 232 млн долларға интервенция жүргізу, сондай-ақ 100 млн доллар сыртқы борышты төлеу әсер етті», - деді Әлия Молдабекова.

Алтын валюта резервтерінің 2/3-сі алтынның еншісінде.

«Ағымдағы нарықтық жағдайларда, портфельде алтынның жоғары үлесі өзін ақтайды және резервтердің сақталуын қамтамасыз етеді деп есептейміз», - деді спикер.


Соңғы жаңалықтар