+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

«Алтын тобылғы» әдеби шығармалар байқауының сыйлық қоры екі есеге ұлғайтылды

2019 жылғы 17 қазан 12:14
Бөлісіңіз:
«Алтын тобылғы» әдеби шығармалар байқауының сыйлық қоры екі есеге ұлғайтылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры «Алтын тобылғы» әдеби байқауына қатысуға өтінім қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, жас ақын-жазушылар «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балалар шығармасы» номинациялары бойынша шығармашылық қабілеттерін сынай алады. Осы төрт номинацияның әрбір жеңімпазына 2 миллион теңгеден беріледі.

Сонымен қатар, «Ұлы даланың жасампаз ұрпағы» атты арнайы тақырыбында номинация жарияланған. Бұл номинация бойынша сыйақы 3 миллион теңге көлемінде бекітілген.

«Егер сіз поэзия мен прозаға жаныңыз жақын болса, сондай-ақ жасыңыз 18-35 арасында болса, «Алтын тобылғы» - сізге арналған байқау! Бұрын жарияланбаған туындылар ғана қабылданады. Жұмыстарды at2019@fpp.kz электрондық поштасына 2019 жылдың 1 қарашасына дейін жіберу керек. Жеңімпаздардың есімдері (сыйақы лауреаттары) 2019 жылғы желтоқсанның алғашқы онкүндігінде жарияланады», - делінген қордың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Байқаудың ережелері және шарттарымен fpp.kz сайтында танысуға болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әдебиет, Жастар, Жастар жылы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT