«Алтын тобылғы» әдеби байқауына өтінім қабылданып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алтын тобылғы» әдеби байқауының сыйақы қоры 5,5 миллион теңгені құрайды. Өтінімдер 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қарашаға дейін қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Конкурсқа қатысу үшін 18 бен 35 жас аралығындағы жас қазақстандық авторлар шақырылады. Бұрын еш жерде жарияланбаған еңбектер ғана қаралады.

Конкурстың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры. Конкурстың әріптестері: Қазақстан Жазушылар Одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Жеңімпаздар (жүлденің лауреаттары) 2018 жылғы желтоқсанның бірінші онкүндігінде жарияланады. Толығырақ www.fpp.kz. сайтында.

«Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Балаларға арналған үздік шығарма». Осы төрт номинация бойынша әрбір жеңімпазға 1,5 миллион теңге беріледі. Биылғы конкурстың ерекшелігі - «Астананың 20 жылдығына арналған үздік шығарма» арнайы тақырыптық  номинация.

Конкурстың қазылар алқасының құрамына Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері, қазақстандық әдебиетшілер және журналистер кірді.

Конкурстық жұмыстар жанрға сәйкестігі, өзіндік ойлау қабілеті, авторлық ұстанымы, баяндау бірізділігі және көзқарасы, идеяның сонылығы, әдеби-көркемдік құндылығы, қиялы мен шығармашылық әдісі, эмоциялық және эстетикалық әсерінің тереңдігі.

«Алтын Тобылғы» жүлдесі жыл сайын әдебиеттегі жаңа есімдерді ашады, жас қаламгерлердің өмірлік философиясын бейнелейтін қазіргі заманғы әдебиетті дамытуға көмектеседі. 

Соңғы жаңалықтар