«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтары иегерлерін марапаттау рәсімі өтіп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шара аясында үздік деп танылғандарға «Қазақстанның үздік тауары», «Qazaqstan Project Management Awards -2022», «ТМД бойынша сапа саласындағы 2021 жылдың сыйлығы» сияқты кәсіпкерлік бағыттағы марапаттар да табысталады.

Сондай-ақ «АруАна», «Бизнес Кемелдiлiк», «Іскер», «Ұлы дала елі» сыйлықтарының жеңімпаздары да марапатталады.

Еске салсақ, былтыр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» конкурсының талаптарын Еуропалық сапаны басқару қорының моделіне сәйкестендіруді ұсынған болатын.

«Мемлекет пен бизнестің міндеті – елде өндірілетін тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін бірлесіп арттыру, заманауи сапа жүйесін енгізу. Кәсіпорындардағы бизнес-процестердің диагностикасы осы саладағы жаһандық үрдістерге сәйкес келуі керек. Әңгіме, ең алдымен, Индустрия 4.0 элементтерін цифрландыру және пайдалану туралы болып отыр. Осыған байланысты «Алтын сапа» конкурсының талаптарын кезең-кезеңімен Еуропалық сапаны басқару қорының жаңа моделіне сәйкес келтіру қажет. Біз үздік халықаралық үлгілер мен тәжірибелерге сай болуымыз керек», - деген Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар