«Altyn Samǵaý» ұлттық спорт сыйлығына дауыс беру басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар «Altyn Samǵaý-2019» ұлттық спорт сыйлығына үміткерлер үшін дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ақпаратына сәйкес, дауыс беру комитет сайтында 29 қарашаға дейін жүргізіледі. Қазақстандықтар 9 номинация бойынша үздіктерді таңдай алады: «Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы»; «Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы»; «Үздік жас спортшы»; «Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы»; «Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы»; «Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік ұлттық спорт федерациясы»; «Үздік спорттық аймақ» (облыс және республикалық деңгейдегі қалалар сондай-ақ, елордадағы дене шынықтыру және спорт басқармасы); «Жыл жаңалығы» және «Жылдың үздік командасы».

Үміткерлер тізімі олимпиадалық спорт түрлері маусымының қорытындысы бойынша жасалды.

Айта кетейік, биыл сондай-ақ параспортшыларға «Ғылыми-кешенді топтың үздік маманы» арнайы номинациясы тапсырылатын болады.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен бекітілген спорт сыйлығын табыстау шарасы алдағы 30 қараша күні елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді.

Салтанатты кеш елімізге танымал жұлдыздардың қатысуымен өтеді. Атап айтар болсақ, «Ninety One» тобы, НаZима, Молданазар, Say Mo, Қуандық Рахым және өзге де әншілер өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар