Алтын Орданың 750 жылдығы: Атырауда халықаралық конференцияның панельдік отырысы басталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында өтіп жатқан «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның панельдік отырыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркия, АҚШ, Жапония, Украина, Ресей және Қазақстан ғалымдарының басын қосқан ауқымды конференция тақырыптық мазмұнына орай 5 панельге бөлінген.

Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, академик, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған модераторлық ететін 1-панель «Алты Орда дәуірінің мәдени мұрасы тарихи деректерде» деген тақырыпқа арналмақ.

Бұл панельде Қазақстанның өз ғалымдарынан бөлек Жапония, Украина, Ресей ғалымдары баяндама оқиды.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мадияр Елеуов модераторлық ететін 2 панельде «Археологиялық құндылықтардың тарихи маңызы» деген тақырып талқыланады.

Конференцияның 3-панелі «Ұлық ұлыс дәуірі фольклорының ерекшеліктері» деген тақырыпқа арналса, 4-панель Қасым хан мен Сарайшықтың қазақ мемлекеттілігіне қосқан үлесі туралы баяндамалар талқыға түседі.

5-панель суретшілер пленеріне арналып отыр. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ілия Жақанов бастаған қылқалам шеберлері мен дизайнерлер Алтын Орда өркениетін насихаттайтын туындыларын ортаға салады.



Соңғы жаңалықтар