+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

«Алтын орда» базары маңындағы жол қашан пайдалануға беріледі

2021 жылғы 27 шілде 15:56
Бөлісіңіз:
«Алтын орда» базары маңындағы жол қашан пайдалануға беріледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы «Алтын орда» базары маңында жол мен көпір салынып жатыр. Оның құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жолайрық құрылысына байланысты көшелердің бірі жабылады «Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолы 2024 жылға дейін жөнделмек Жамбыл облысында қанша шақырым жол жөнелді

«QazAvtoJol» ұлттық компаниясы АҚ «Орталық-Оңтүстік» бағытындағы Нұр-Сұлтан – Қарағанды – Балқаш - Приозерск – Бурылбайтал - Шу – Алматы аймақтарындағы жолдардың салыну барысын таныстырып, көрсету мақсатында баспасөз турын ұйымдастырды.

Соның барысында Алматы қаласындағы «Алтын орда» базары маңында көпір жол құрылысының жұмысы таныстырылды.

«Алтын орда» базары маңындағы жолайырықта қазіргі уақытта бетон-цементтеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жолдың алматылықтар үшін маңызы зор, өйткені бұл жол қаладағы бірнеше ірі сауда орталықтарына алып барады. Жаңа жоспарға сәйкес бұл жол жолағы 8-ден 10-ға артады. Және бастысы қауіпсіздікке аса мән беріледі. Себебі бұл жолайырық тоғыз жолдың торабы, сондықтан жол-көлік оқиғасы және кептеліс мәселесі бар. Осы орайда салынып жатқан жаңа автомобиль жолы бойында қосымша жол жүру ережелері енгізілетін болады. Эстакаданың ұзындығы 600 метрді құрайды. Құрылыс жоспарына сәйкес, жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі» - деді «QazAvtoJol» ұлттық компаниясы АҚ Алматы облыстық филиалының директорының міндетін атқарушы Болатбек Айтбаев.

Оның айтуынша, өткен жылы пандемияға байланысты құрылыс жұмысы тоқтап тұрды.

«Эстакада құрылысын биыл мамыр айында бастадық. Автомобиль жолы 2 көпірден және 4 жолақтан тұрады. Жол салумен 250 адам айналысып жатыр, дегенмен жұмыс командасы әлі де жасақталу үстінде. Көлік жолының ұзындығы 4 шақырымға жуықты құраса, көпірдегі жолдың ұзындығы 600 метрді құрайды. Бұл автокөлік жолы Алматының батыс аумағында орналасқан яғни қаланы Шымкент қаласымен және Өзбекстан шекарасымен байланыстыратын болады», - деді аталған жобаның жетекшісі Смет Абилов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шамалғанда теміржол апатынан соң жаңа көпір салынып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT