«Алтын орда» базары маңында тағаға ұқсас эстакадада көлік қозғалысы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Алтын орда» базары маңындағы эстакадада көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі атап өткендей, бұл «Алтын Орда» базары мен «Молл Апорт» сауда орталығы ауданындағы көлік трафигін жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазір «Алтын орда» базарының жанындағы «Алматы - Бішкек» автомобиль жолының учаскесі күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Осыған байланысты кеше «ҚазАвтоЖол «ҰК« АҚ Алматы облыстық филиалы «таға» түріндегі бұрылу эстакадасында автокөлік үшін қозғалысты ашты.

Осылайша, «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы көпірді пайдалануға беру кезінде технологиялық регламентті сақтау және жобалық шешімдерге сәйкестігін бағалау мақсатында «таға» типті бұрылу эстакадасы автокөлігінің нақты жүктемесі әдісімен сынақ өткізді.

Онда эстакада конструкциясына жүктемелердің әсері өлшенді, оның қорытындысы бойынша автокөлік қозғалысын ашуға тиісті шешім берілді.



Соңғы жаңалықтар