Алтын өндіретін компаниядан 4 тоннадай металл ұрлаған қызметкерлер ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында алтын өндіретін компаниядан 4 тоннадай мыс ұрланған,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ірі көлемдегі металлдың ұрланғандығы туралы осы кәсіпорын басшылығының полицияға жазған шағымынан белгілі болған.

Жәбірленуші тарап белгісіз жағдайларда компанияның орталық қоймасынан жалпы көлемі 11 миллион теңгеден асатын металды жасырын ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Мойынқұм ауданының полиция қызметкерлері осы кәсіпорынның 32 және 30 жастағы екі қызметкерін анықтап, ұстады. Ұсталғандар кінәларын толық мойындады», - делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тергеу барысында күдіктілер алдын-ала сөз байласу арқылы қоймадан алып шыққан мысты бірден металл сынықтарын қабылдау орнына тасып апару арқылы үш рет ұрлық жасағандары анықталды.

Қабылдау орны ұрланған металдың бір келісін 3000 теңгеден алған, жалпы құны 9 000 000 теңгеден асқан. Күдіктілер ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағандарын айтқан.

Айта кетейік, ведомствоның мәліметінше, аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.


Соңғы жаңалықтар