Алтын құймаларын қайдан сатып алуға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырымында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, аталған заң жобасында банктік емес айырбастау пункттеріне Ұлттық банк шығарған құймадағы тазартылған алтынды сатып алу және сату құқығын беру көзделген.

«Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына клиенттердің тапсырмалары бойынша ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алу, сату құқығы берілді», - деді ол.

Данияр Ақышевтың сөзіне қарағанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының аясында 1 кодекске және Қазақстан Республикасының 4 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

«Заң жобасы енгізілгеннен кейін валюталық реттеу мен валюталық бақылау мақсаттары үшін оң нәтижелер күтіледі. Заң жобасы барлық мүдделі министрліктермен, Бас прокуратурамен, сондай-ақ Қаржыгерлер қауымдастығымен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісілді», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Министрлер кабинетінің мүшелері аталған заң жобасын бірауыздан қолдап, Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Премьер-Министр кеңсесіне  құжатты белгіленген мерзімде Парламент қарауына енгізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар