Алтын, күміс бұйымдарын жасырын әкеле жатқан зейнеткер әйел ұсталды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Барлығы 589 дана күміс және алтын бұйымдарын республика аумағына заңсыз алып келе жатқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО бойынша кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Украинадан «жол тартқан» контрабандалық тауарды №108 Киев-Астана пойызын тексеру кезінде «Жайық» кеден бекетінің қызметкерлері тапқан. №9 вагонның жолаушысы, зейнеткер әйел жасырған тауардың жалпы құны 2 миллиондай теңгені құрады.

Бұл - экономикалық контрабанда фактісі бойынша жыл басынан бері батысқазақстандық кеденшілер қозғаған 31-інші қылмыстық іс.

Соңғы жаңалықтар