«Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауының жеңімпаздары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 16 қазан күні сағат 15.00-де Алматы қаласы «Қазақконцерт» өнер бірлестігінде өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің баспасөз қызметінен.

Шараға зиялы қауым өкілдері, Жазушылар одағының мүшелері, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарындағы аударма ісі саласының мамандары мен студенттері қатысады.

Еске салайық, «Алтын көпір» аудармашылар байқауына жұмыстарды қабылдау 2015 жылғы 15 шілде мен 20 тамыз аралығында жүргізіліп, поэзия және проза жанрларындағы шығармаларды қазақ және орыс тілдеріне аудару аталымдары бойынша анықталды:

«Поэзия қазақ тілінен орыс тіліне аудару» аталымы

1 орын - Абдрахман Досов 2 орын - Мейрам Жұмабеков 3 орын - Зәуреш Байзақова

«Поэзия орыс тілінен қазақ тіліне аудару» аталымы

1 орын - Кенжебай Ахметов 2 орын - Ақылбек Шаяхмет 3 орын - Ләйлә Асқар Ынталандыру сыйлығы - Ақсұңқар Ақынбаба

«Проза қазақ тілінен орыс тіліне аудару» аталымы

1 орын - Анатолий Ким 2 орын - Айгүл Кемелбай 3 орын - Аслан Жақсылықов Ынталандыру сыйлығы - Роман Тоқбергенов

«Проза орыс тілінен қазақ тіліне аудару» аталымы

1 орын - Арман Әлменбет 2 орын - Қуандық Шамахайұлы 3 орын - Айман Мұқышева Ынталандыру сыйлығы - Айбота Жаппарберген Ынталандыру сыйлығы - Мәриям Әбсаттар

Марапаттау рәсімінде өнер жұлдыздары өнер көрсетіп, байқау жеңімпаздарының шығармалары енген жинақ таратылатын болады.

Соңғы жаңалықтар