«Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Ресейдегі Қазақстан Республикасының Елшілігі, Қазақстан Жазушылар одағы және «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігімен бірге «Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауын жариялайды, деп хабарланған министрлік сайтында.

Байқау Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы халықтары арасындағы халықаралық бейбітшілік пен келісімді, өзара түсіністік, әдеби және мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға, тіл мәдениетін дамытуға және таратуға, қазақ әдебиетінің дамуын қолдауға және насихаттауға жәрдемдесу мақсаттарын көздейді.

Байқау поэзия және проза жанрларындағы шығармаларды қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аудару номинацияларын қамтиды. Байқаудың әрбір аталымы бойынша жеңімпаздар дипломмен және 1-ші орын үшін - 200 000 теңге, 2-ші орын үшін - 150 000 теңге, 3-ші орын үшін - 120 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықтармен марапатталатын болады. Өздерінің ерекше қабілеттерін көрсете білген конкурс қатысушыларына 100 000 теңге көлеміндегі ынталандыру сыйлығы беріледі. Байқауға 18 жастан асқан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аудармашылық саласындағы мамандары қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар