+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

«Алтын Емелде» заманауи визит-орталық пайда болады

2021 жылғы 26 шілде 04:11
Бөлісіңіз:
«Алтын Емелде» заманауи визит-орталық пайда болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде заманауи визит-орталық пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысына жыл басынан бері 140 мыңға жуық турист келген Экология министрлігі алдағы он жылда қалдық көлемін 50 пайызға азайтпақ Кәсіпорындар қалдық көздеріне қатысты мониторинг жүйесін орнатуға міндеттелді

Нысан құрылысы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің инвесторлармен кездесуінде талқыланды.

Сондай-ақ парк аумағында глэмпингтер, кемпингтер, тамашалау алаңдарын, демалуға арналған орын және автотұрақ пайда болады. Экотуризмді дамыту Тұжырымдамасына сәйкес ұлттық паркте қауіпсіз туристік маршруттар мен соқпақтарды дамытуға, туристік объектілерді күрделі құрылыстарсыз орналастыруға ерекше мән беріледі.

Мағзұм Мырзағалиев «Айғайқұмнан» 1,5 км қашықтықта орналасқан Ш.Уәлиханов бұлағына да барды. Бұлақ қазақтың ұлы ғалымы, этнографы және зерттеушісі Шоқан Уәлихановтың есімімен аталған.

Сапар соңында ЭГТРМ өкілдері Іле-Алатау МҰТП-дағы «Аюсай» визит-орталығына барды. Аталған нысанды экотуризмді дамыту жобасы аясында «Туранга Групп» ЖШС салған болатын. Қазір мұнда глэмпингтер, кемпингтер саны артып келеді. Сондай-ақ министр экобелсенді, еріктілермен кездесіп, саланы дамытуға қатысты мәселелерді талқылады.

Айта кетейік, 2020 жылы Іле-Алатау МҰТП мен компания арасында жалпы ауданы 35 га болатын парк учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалану шарты жасалды, жобаға 4 жыл ішінде 12 млрд.теңгеге дейін инвестициялау жоспарлануда. 7 визит-орталық, 155 км жаяу жол, 2 кемпинг, этноауыл, Керуен және 10 глэмпинг салынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT