«Алтын белгі» иегерлерінің қаншасы грант алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл білім грантын тағайындау нәтижесі 5 күн бұрын жарияланды. Бұл туралы елордада өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында республикалық конкурстың нәтижесі жарияланды. Бұл - республикалық конкурстық комиссия жұмысының нәтижесі, яғни грант иелерінің тізімі айқындалды. Жалпы, биыл кокурсқа 53 785 грант бөлінді, қатысушылардың саны 64 452 адам болды. Осы орайда бір грантқа орташа конкурс 1,29 адамды құрады», - деді Ф. Жақыпова.

Оның сөзіне қарағанда, былтырмен салыстарғанда биыл грант нәтижелері 5 күн бұрын шығарылды.

«Сонымен қатар, жыл сайын мемлекет тарапынан жоғары білім алуға мүмкіндіктер кеңеюде. Жалпы гранттардың санында 45 пайыздан астамы инженерлік, құрылыс, ІТ-мамандықтарға бөлінген. 8 мыңнан астам грант педагогикалық кәсіпке арналған. 4 мың грант жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға бағытталды. Биыл конкурсқа қатысқан «Алтын белгі» иегерлерінің саны 5 мың 800-ден астам болды, оның 4 мың 600-ден астамы грантты алды», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін 2019 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды.

Соңғы жаңалықтар