+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алған аналар студент атануы үшін арнайы квота бөлінбек

2019 жылғы 10 қазан 17:56
Бөлісіңіз:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алған аналар студент атануы үшін арнайы квота бөлінбек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған аналарға еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуы үшін арнайы квота бөлінбек. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дариға Назарбаева Қатерлі ісікпен күрес көшбасшыларының саммиті аясында бірқатар кездесулер өткізді Дариға Назарбаева Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу бекетінде болды Солтүстік инвестициялық банкі Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті

«Халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын қолдау мақсатында «Алтын алқа«, «Күміс алқа« иелеріне грант тағайындау бойынша квота қарастырылады», - деді министр Сенат депутаттарына «Педагог мәртбесі туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта мұндай институт елімізде қолданыста бар. Бүгінде мүгедектер және өзге де санаттағы азаматтарға жоғары оқу орнында білім алуына арнайы квота қарастырылған.

«Бізге көпбалалы аналарды өнімді жұмылдыру қажет деп отырмыз. Егер мұндай ниет танытқан адамдар болса, онда олар оқуға түсе алады. Ұлттық бірыңғай тест тапсыруы, шекті балл алуы қажет. Дегенмен, олардың квотасы болады және қандай да бір жеңілдетілген шарттармен жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алады. Бұл ретте онлайн оқу бойынша да норма бар», - деді Асхат Аймағамбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT