Алтын алқа, Батыр ана, Ана даңқы наградалары иесіне берілетін жәрдемақы мөлшері сараланады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көп балалы болуына байланысты наградталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері ұлғайтылмақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әәлеуметтік әділеттілікті орнату үшін наградталған аналарға берілетін жәрдемақының мөлшері сараланады. Мәселен, «Алтын алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналар үшін жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғайтылады», - деп көрсетілген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар, дүниеге 6-дан көп бала әкелген аналар үшін де арнайы қолдау тетіктері қарастырылмақ.

«Бүгінгі таңда 6 және 7 немесе одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар бірдей жәрдемақы алады. Бұл ретте ол аналарға құрмет ретінде наградталған аналар мәртебесі белгіленеді», - деп көрсетілген ведомство мәлімдемесінде.


Соңғы жаңалықтар