+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

Алтын адам: Қорымның тоналғанына қарамастан бұл сенсациялық жаңалық болды - археолог

2019 жылғы 26 қазан 01:40
Бөлісіңіз:
Алтын адам: Қорымның тоналғанына қарамастан бұл сенсациялық жаңалық болды - археолог

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институттың Ақтөбедегі өкілі алтын бұйымдарымен жерленген адамның табылуын сенсациялық жаңалыққа балады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Алтын адам» әлем музейлерін аралайды – The Star «Алтын адам» Малайзиядағы көрмеге қойылды Ұлы Дала мен Анадолы өркениеттерінің тоғысуы: Түркиялықтар қазақтың бай мәдени мұрасымен танысты

Археолог Арман Бисембаев әлеуметтік желіде өз жаңалығымен бөлісті. «Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институттың ұжымы Ақтөбе облысында қазба жұмысын жүргізді. Бірер күн бұрын біз Темір ауданындағы «Тасқопа 1» қорымында ақсүйектің қабірін тауып, сенсациялық жаңалық аштық. 5,7 метр тереңде жатқан қабірден ертеректе тоналғанына қарамастан алтыннан жасалған ат әбзелі, жерлеуге арналған салтанатты киім (бас киімі болуы мүмкін) табылды. Бұл Сармат дәуіріне жатады деп болжап отырмыз. Археологиялық институт зерттеуді жалғастырады. Алда жаңалықтар болады», - деп жазды Арман Бисембаев.

Еске салсақ, Ақтөбенің Темір ауданы, Тосқопа ауылында қорымнан алтын бұйымдармен жерленген адам сүйегі табылды.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT