+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

«Алтын адам» әлем музейлерін аралайды – The Star

2019 жылғы 7 қазан 05:00
Бөлісіңіз:
«Алтын адам» әлем музейлерін аралайды – The Star

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстанның «Алтын адамы» Куала Лумпурдың Негара музейіне қойылды. Қазақ жауынгерінің алтыннан тігілген киімі 1 қазан мен 31 қазан аралығында әлем музейлеріне тур жасайды», деп жазады The Star.

Ұқсас жаңалықтар
Алтын адам: Қорымның тоналғанына қарамастан бұл сенсациялық жаңалық болды - археолог «Алтын адам» Малайзиядағы көрмеге қойылды Ұлы Дала мен Анадолы өркениеттерінің тоғысуы: Түркиялықтар қазақтың бай мәдени мұрасымен танысты

Автор Қазақстанның ұлттық символдарының бірі саналатын «Алтын адам» б.з.д. 500 жылдарға тиесілі екенін және оны шайқаста қаза тапқан жас сақ жауынгері кигенін жазады.

«Алтын адам» 1969 жылы Алматының шығысында Есік деген жердегі мазардан табылған. Киім төрт мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген және олардың көбінде жануарлар бейнесі бар. Сонымен қатар оның бас киімінің биіктігі 70 см шамасында», деп жазады автор.

Малайзияның туризм, өнер және мәдениет министрі Датук Кетапи бұл көрме келушілердің Қазақстан мәдениеті туралы білімін тереңдетіп қана қоймай, диплломатияға да оң әсер ететінін айтты.

«Мен бұл көрме Қазақстанның тарихы мен мәдениетін терең тануға оң әсер етеді деп ойлаймын», деді ол ашылу салтанатында.

Ал Малайзия музейлер департаментінің бас директоры Камарул Бахарин Малайзия аталған көрмені ұйымдастыратын Оңтүстік Шығыс Азиядағы жалғыз мемлекет екенін атап өтті.

«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруін Қазақстанның ұлттық музейі мен Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып жатыр. Көрмеде «Алтын адамнан» басқа алтыннан жасалған бес жүзге жуық әшекей бұйымдар мен ежелгі дәстүрлі киім үлгілері қойылған», деп жазады басылым.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қазақстан тарихы, Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT