Алты жылда 9 депутат пен 23 судья заң бұзған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы 7 жыл ішінде 9 депутат және 23 судья құқықбұзушылық әрекеттер жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz ресурсына сілтеме жасап.

Ranking.kz дерегінше, 2015-2021 жылдар аралығында Ішкі істер министрлігінің лауазымды тұлғалары құқықбұзушылық әрекеттерін жиі жасаған. Оларға қатысты жылына орта есеппен 516 қылмыстық іс қозғалады. Яғни, аптасына бұл ведомстваның 10-ға жуық қызметкері заң бұзады.

2015 жылдан бастап ІІМ-нің қызметкерлері жасаған ең жиі құқық бұзушылықтар - пара алу (26%), алаяқтық (16%) және өз өкілеттілігін асыра пайдалану (8%).

Ал, 2015-2021 жылдар аралығында лауазымдық құқық бұзушылық жасаған 23 судьяға қатысты іс қозғалыпты.

Осы аралықта парламенттің қос палатасының депутаттары 9 рет құқық бұзған.

Заңға қарама-қайшы әрекеттер туралы ең аз фактілер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің лауазымды тұлғалары арасында тіркеліпті. Антикордың өкілеттті тұлғалары соңғы бес жылда 5 құқықбұзушылық жасаған. Олардың ішінде сеніп тапсырылған өзгенің мүлігін заңсыз иемдену бойынша 2, жол ережесін бұзған 1 және өзге де заңсыздық фактілері анықталған.





Соңғы жаңалықтар