Алты жыл бұрынғы айуандықпен адам өлтіру дерегі ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда алты жыл бұрынғы айуандықпен адам өлтіру дерегі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда алты жыл бұрын ер адам із-түзсіз жоғалды. Сол кезде оның әйелі күйеуім сектаға кіріп, ел аумағынан шығып кетті, бірақ екі қызын асырау үшін ақша жөнелтіп тұрады деп жұртты сендірген болатын.

Бірақ әйелдің туысының айтуынша, ол күйеуіне димедрол беріп өлтіріп, екі қызымен бірге денесін бөлшектеп, аулаға көміп тастаған. Осының бәрін көріп тұрған туысы оқиға туралы полицияға айтып берген. Ер адамның дене қалдықтары ауладан табылған.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер осы деректі растады. Қазіргі кезде «Адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар