Алты жасар қыз бен оның анасын екі ит талады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Екатеринбордың 47 жастағы тұрғыны дог тұқымының екі итін серуендетіп жүрген. Ол серуендей кезінде иттерінің қарғы баулары мен тұмылдырықтарын шешіп, жібере салған. Иттер қаладағы Оңтүстік-Батыс ауданның орман алқабына қарай жүгіріп кетті.

Иттер қаладағы Оңтүстік-Батыс ауданның орман алқабына қарай жүгіріп кетті. Бірнеше минуттан кейін иттердің иесі айқай мен абалап үрген дауысты естіп қалды. Ол орманға жүгіріп барғанда, иттері талап жатқан әйел мен кішкентай қыз баланы көрді. Әйел иттерін ажыратып, тұмылдырықтарын қайта кигізіп, жедел жәрдем қызметін шақырды. Зардап шеккен алты жасар қыз бала мен оның 28 жастағы анасы медициналық мекемелерге жеткізілді.

Қылмыстық істі тергеу амалдары жүргізілуде, деп жазады planet-today.ru.

Соңғы жаңалықтар