Алты жасар бала Microsoft-тың ең жас IT-маманы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістаннан шыққан британдық Аян Куреши әлемде Microsoft-тың ең жас IT-маманы атанды. Бес жасар мектеп оқушысы Бирмингем қалалық университетінде арнайы емтиханды да тапсырып үлгерді.

Бастапқыда мамандардың Курешиді тестілеуге жібергісі келмеген, өйткені бұл ІТ-маман болғысы келетін жас азаматтарға арналған университетке дейін немесе одан кейін өткізілетін бақылау. Бірақ ақыры Supporting Windows 8.1 емтиханына жіберілген бала оны сәтті тапсырып шыққан.

Мектеп оқушысы алты жаста. Бүлдіршін болашақ мамандығы математика немесе компьютерлермен байланысты болатынана үміттенеді, деп жазады "Газета.Ru".

Бұған дейінгі рекордшы пәкістандық Мехроз Явар болды. Ол 6,5 жасында Microsoft Certified Professional сертификатына ие болған.

Соңғы жаңалықтар