+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Алты жасар Альтаир норвег балаларын Қазақстан елшілігіне ертіп келді

2018 жылғы 21 желтоқсан 18:06
Бөлісіңіз:
Алты жасар Альтаир норвег балаларын Қазақстан елшілігіне ертіп келді

ОСЛО. ҚазАқпарат - Норвегия астанасы Ослода тұратын алты жасар қазақстандық құрбы-құрдастарына Қазақстан туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ослодағы «Akerbrygge Barnehage» атты мектепке дейінгі білім беру мекемесінің тәрбиеленушілері Қазақстан Елшілігіне қыдырып барды. Оларды саяхатқа шақырған - алты жасар отандасымыз Альтаир Омаров. Оның ата-анасы қазіргі уақытта елшілікте жұмыс істейді.

Альтаирдің айтуынша, ол оқитын топ Норвегия астанасының көрікті орындарына үзбей экскурсия ұйымдастырып отырады.

«Мен жаңа достарыма үнемі Қазақстан туралы, Астанадағы зәулім үйлер туралы айтамын. Сабақта барыс пен қыранның суретін саламын», - дейді Альтаир.

«Бір күні әкемнен «достарыммен бірге елшілікке барсам бола ма?» деп сұрадым. Оның үстіне қазір бізде мейрам, Жаңа жылдың қарсаңы», - дейді бала.

Экскурсия кезінде дипломаттар ойын арқылы балаларға Қазақстан тарихы туралы айтып, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстырды, ұлттық киімдерді көрсетіп, еліміз аумағын мекендейтін жануарлар туралы әңгімеледі.

Балалар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, ұлттық ойындарымызды ойнады. Дипломаттар балаларға отандық мультипликаторлардың туындыларын да көрсетті.

«Akerbrygge Barnehage» тобының аға жетекшісі Изабелла де Бернардо осындай экскурсиялардың балалардың дүниетанымын кеңейтуге ықпал етіп, география, тарих жайындағы білімдерін молайтатынын тілге тиек етті. «Қазақстан Елшілігіне шексіз алғыс білдіремін. Шынымды айтсам, өзім де біршама пайдалы дүниелерді біліп алдым», - дейді ол.

Өз кезегінде дипломаттар мұндай кездесулерді өткізуді игі дәстүрге айналдыруды жоспарлайтынын жеткізді.


Автор: Тур Батыров

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT