Валюта бағамдары:
    usd/kzt 422.01 eur/kzt 452.06

    rub/kzt 6.75 cny/kzt 62.72
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2022 жылғы 14 қаңтар 19:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты 6 облыс аумағында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

15 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында бұрқасын соғып, көктайғақ болуы мүмкін, жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді, облыстың солтүстік бөлігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан асып кетуі ықтимал.

Оралда ертең көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

15 қаңтарда түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Тәулік бойы облыстың солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда қаласында ертең кей уақытта көктайғақ болады, түнде бұрқасын ксоғуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

15 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді, облыстың солтүстік-батысында кей уақыттарда 30 м/с және одан асып кетуі мүмкін.

Қарағанды қаласында ертең боран соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Жезқазғанда ертең боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

15 қаңтарда Қостанай облысында бұрқасын соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда жылдамдығы 30 м/с және одан асып кетуі ықтимал.

15 қаңтарда Ақмола облысында боран соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді, облыстың солтүстік-батысында, шығысында кей уақыттарда жылдамдығы 30 м/с және одан асып кетуі мүмкін.

Көкшетауда ертең: күндіз боран соғады, жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

15 қаңтарда таңертең және күндіз, 16 қаңтарда тәулік бойы Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с жетеді, ертең таңертең және күндіз, 16 қаңтарда тәулік бойы облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с жетеді, тіпті одан да қатты соғуы мүмкін.

Шымкентте ертең таңертең және күндіз, 16 қаңтарда тәулік бойы қатты қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Түркістан қаласында 15-16 қаңтарда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар