Алты күннен бері із-түзсіз кеткен жасөспірімнің денесі Үлбі өзенінен табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы Үлбі өзенінен із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 маусым күні жасөспірімнің жоғалғаны туралы полицияға хабар түсті.

Белгілі болғандай, ол үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.

«Зейнеткер тәртіп сақшыларынан немересін тауып беруді сұрады. Жедел-іздестіру жұмысына еріктілер де атсалысты. Соның нәтижесінде 17 жастағы жігіттің денесі Үлбі өзенінен табылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бірқатар медициналық сараптама тағайындалды. Жасөспірім өліміне не себеп болғаны соның нәтижесінен кейін анықталады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін үй алмақ болған Өскемен тұрғыны алаяққа 10 млн теңге бергенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар