Алты елдің желаяқтары Қарағандыдағы күзгі жартылай марафонға қатысты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда алғаш рет күзгі жартылай марафон өтті. Kúzdik Jarty Marathon жүгірісіне Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Норвегия, Польша және Ресейден келген 2 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жартылай марафон бағдарламасына үш қашықтық кірді: 21 шақырым 97,5 метр, 14 шақырым және 7 шақырым.
Шара Тәуелсіздік алаңында бастау алып, үлкен шеңберден соң қайта сол жерде мәреге жетті. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов жүгірудің басталуына белгі берді. Мәреден кейін ол 7 шақырым қашықтықтағы бірінші жеңімпаз атанған ең жылдам қыздарға медальдар мен грамоталарды табыс етті.
Жартылай марафонның қатысушылары трассаны еңсергенше, көрермендер мен қонақтар спортшыларды тамашалай алды. Тәуелсіздік алаңында спорттық-концерттік шоу ұйымдастырылды.
Ерлер арасындағы басты жарыста қарағандылық Вячеслав Слабаденюк жеңімпаз атанды. Ол күзетші болып жұмыс істейді, жүгіру - оның хоббиі.
«Жұмыстан кейін кешке жүгіруге шығамын. Алдымен 14-15 шақырымнан жүгіріп жүрдім, қазір 30 шақырымды еңсеремін. Бізде жүгіру әуесқойларының компаниясы бар. Онда 23-47 жас аралығындағы алты адам жиналған», - дейді Вячеслав Слабаденюк.
Келесі жылдың мамыр айында ол Аrmanga Jol жартылай марафонына қатысуға ниетті.
Әйелдер арасында басты қашықтыққа жүгіруде бірінші болып мәреге Нұр-Сұлтаннан келген Әсел Құспанова жетті.
Барлық қатысушылар шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Алдағы уақытта күзгі жартылай марафон жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда.
- KWU киокушинкайдан ӘЧ: Қазақстандық каратешілер үш алтын медаль иеленді
- Бес қазақстандық спортшы KWU киокушинкайдан ӘЧ финалына өтті
- Допты хоккей: «Ақжайық» алғашқы жеңісіне қол жеткізді
- Футзал: Қазақстан құрамасы сынға түсетін топтың ойын күнтізбесі анықталды
-
Бокстан Конфедерация кубогы Түркістан боксшыларына бұйырды
-
Алматыдағы бокс кешінде қазақстандық нокаутшы Абай Төлештің қарсыласы белгілі болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам