Алты баланың анасын өлімші қылып сабаған күдікті қамауға алынды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде 6 баланың анасын зорламақ болған және өлімші қылып сабаған адамның бостандықта жүргені туралы жазба жарияланған болатын. Осы оқиғаға байланысты Алматы облыстық Полиция басқармасы түсіндірме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Қарасай ауданы ПБ кезекші бөліміне Қарасай ауданы Қаскелең қаласы ауруханасының реанимация бөліміне 35 жастағы әйелдің түскені туралы ақпарат түсті. Бұл дерек Қылмыстық Кодекстің 106-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 23 жастағы күдікті Қарасай ауданының ПБ-ға жеткізілді», - деп жазды ведомстводан.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін аймақта Антикор қызметкерін қорқытқан полиция майоры қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар