Алты айлық нәресте өз құсығына тұншығып қалды - Ақмола облысы

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Целиноград ауданында алты айлық нәресте өз құсығына тұншығып өлді, деп хабарлады құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Қайғылы оқиға маусымның 14-і күні Қоянды ауылында орын алған. Бұл жөнінде аудандық ІІБ учаскелік инспекторына телефон арқылы хабарланған. Сәбидің мәйіті Астана қаласындағы мәйітханаға жіберілді.

Қазіргі кезде медициналық сараптама жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар