Алты адамға Павлодардың Құрметті азаматы атағы берілді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Кезектен тыс мәслихат сессиясында облыс әкімі аппаратының жетекшісі Ағыбай Амирин Павлодар облысының Құрметті азаматы атағына ұсынылған азаматтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұсынылған азаматтардың ішінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан алты азамат бар.

Мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету басқармасына басшылық еткен Ғабдолла Арғынов 1936 жылы Омбы облысының Нововаршавксий ауданында дүниеге келген. 1953 жылы Ертіс ауданы Тельман сегіз жылдық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, директоры, кейін Ертіс ауданы Суворовский ауылындағы мектептің директоры қызметін атқарған. Оның бастамасымен алғашқы оқытушылық өндірістік бригада құрылған. «Еңбек ері», «Қызыл ту», «Құрмет» ордендерімен, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Энергетика саласының ардагері, «Қазсушаруашылығы» республикалық кәсіпорны филиалы директорының кеңесшісі Леонид Баталов 6 қыркүйекте 1936 жылы Алтай өлкесінде туған. Еңбек жолын 1952 жылы Шығыс Қазақстан облысында дәнекерлеуші болып бастаған.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. «Екібастұз» балалар қорының құрылтайшысы, үшінші дәрежелі «Шахтер Даңқы» белгісінің иегері Раис Гайнулин басқарған кәсіпорын қайырымдылық шараларға белсенді түрде көмек көрсетіп тұрады.

Сағадат Ысқақов ауыл шаруашылығы саласының қайраткері, «Қызыл ту», «Октярь», «Социалистік еңбек ері» ордендерінің иегері.

Мұхит Омаров қоғам қайраткері, журналист, экономист-ғалым. Түрлі медальдармен және Құрмет грамотасымен марапатталған. Елуден астам ғылыми мақаласы, монографиясыы бар.

Құқық қорғау саласының ардагері Дмитрий Фалеев көп жылдар еңбегі үшін «ҚР прокуратурасының құрметті қызметкері» белгісінің иегері.

Соңғы жаңалықтар