Әлтайыр Ахметов Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлтайыр Ахметов ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды», - делінген Мемлекет Басшысының Өкімінде.

Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов - мемлекеттік басқару магистрі, Ұлыбритания, University of Birmingham (2014). Заң ғылымдарының кандидаты. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, құқықтанушы.

Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі заң бөлімінің референті, атташе ретінде бастаған.

2003–2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің әртүрлі бөлімдерінде референт, бас сарапшы, бас консультант, сектор меңгерушісі лауазымдарында істеді.

2011 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқаруға кірісті.

2015 жылдан бері ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары.

2016 жылдың қарашасынан ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу жұмысы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-ректоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдың сәуірінен бастап ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.

Үйленген, үш баласы бар.

Соңғы жаңалықтар