+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Алтайда жаңа тарихи-өлкетану мұражайы ашылады - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

2021 жылғы 25 сәуір 11:16
Бөлісіңіз:
Алтайда жаңа тарихи-өлкетану мұражайы ашылады - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Қытайда түйе баққан ауқатты қазақ – Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Алтайда жаңа тарихи-өлкетану мұражайы ашылады - «Ағажай-Алтай ақпарат» сайты

Қытайдың Алтай аймағындағы тарихи-өлкетану мұражайы жаңа заманауи ғимаратқа көшті. Жаңа музейдің ашылуына орай 18 мамырда «Ашық есік күні» шарасы өтеді, деп хабарлайды kazakh.altxw.com сайты.

«Аумағы 6 416 шаршы метр еңселі нысанның бірінші және екінші қабатында «Алтынтау тарихы» аталатын көрме залы, үшінші қабатында «Алтайдағы жартас суреттері» көрме залы орналасқан. Жалпы бұл залдарға Алтай аймағының тарихы мен мәдениетін танытатын түрлі құнды жәдігерлер қойылған. Музейде тас құралдар, қыш ыдыстар, қола, алтын және күміс бұйымдар, темір құралдар және басқа да мәдени жәдігерлер сақталған. Олардың арасында Жеменей ауданының «Тұңтияндұң» жұртынан табылған, осыдан шамамен 45 мың жыл бұрынғы тас құралдар, 4 мың жыл бұрынғы қола дәуіріндегі мәдени мұралар мен бедерлі қыш бұйымдары, мыс айна және қола бұйымдар бар», - деп жазады «Ағажай-Алтай ақпарат» сайты.

Құлын Алтынбекқызы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды- KAZNEWS

Польшаның Кельц қаласында бокстан өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында 51 келі салмақ дәрежесінде моңғолиялық қазақ боксшы қыз Құлын Алтынбекқызы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Моңғолияның Kaznews ақпараттық порталы.

«Құлын Алтынбекқызы жартылай финалдағы кездесуін ресейлік Валерина Линовамен өткізіп, 5:0 есебімен ұтылып қалды. Айта кетейік, бұған дейін украиналық Дарья-Ольга Гутаринаны және қазақстандық Гүлнар Тұрапбайды жеңіп, жартылай финалға өткен болатын. Ол осылайша жастар арасындағы әлем чемпионатында 51 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды», - деп жазды Kaznews.


ЮНЕСКО Әбу Райхан әл-Бирунидің 1 050 жылдығын атап өту туралы шешім қабылдады - «ӨзА» ақпараттық агенттігі

ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің 211 сессиясында ұлы ғалым Әбу Райхан Берунидің (973-1048) туғанына 1 050 жыл толуына орай, осы мерекелік датаны 2022-2023 жылдары ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен кеңінен атап өту туралы шешім қабылданды, деп жазады Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

«Бұл мерейтойды ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен атап өту бастамасын Өзбекстан Республикасы әзірледі және Бас штабқа ұсынылған құжатты Иран Ислам Республикасы Тәжікстан және Түркия сияқты елдер тарапынан қолдау тапты. Шешім осы жылдың қараша айында Парижде өтетін ЮНЕСКО Бас конференциясының 41-сессиясында бекітіледі деп күтілуде», - деп жазады «ӨзА» ақпарат агенттігі.

Аталған БАҚ-тың дерегінше, Әбу Райхан Мухаммед ибн Ахмед әл-Бируни -ортағасырлық энциклопедияшы ғалым, астроном, математик, философ, географ, этнограф, антрополог, геолог, тарихшы, ботаник, фармаколог және гуманист болған.

«Бируни 973 жылдың 4 қыркүйегінде Қият қаласының іргесіндегі ауылда дүниеге келді. Ол 150-ге жуық еңбек жазып, өз дәуірінен жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдардың дерлік барлық салаларын қамтитын үлкен ғылыми мұра қалдырды. Бирунидің еңбектері көптеген тілдерге аударылып, бүгінгі күнге дейін өзектілігін сақтап келеді. Әбу Райхан Мухаммед ибн Ахмед әл-Бируни 1 050 жылдық мерейтойына байланысты Өзбекстанда бірқатар іс-шара өтеді. Сонымен қатар, Бирунидің мерейтойы Иран, Тәжікстан мен Түркияда кеңінен аталып өтеді және бірлескен іс-шаралар өткізілуі жоспарланған», - деп жазады «ӨзА» ақпарат агенттігі.

Қазақстанның отандық вакцинасы халыққа егіледі - TRT

Қазақстанда коронавирусқа қарсы жетілдірілген отандық QazVac вакцинасы 26 сәуірден бастап халыққа егіле бастайды, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

«Елдің оңтүстігіндегі Жамбыл облысындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында отандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы өндірілді. Қазақ ғалымдары жетілдірген, клиникалық зерттеулерде қауіпсіздігі дәлелденген отандық вакцина енді азаматтарға салынады. Отандық вакцинаның алғашқы дозасының аймақтарға жөнелтілуін бақылаған вице-премьер Ералы Тоғжанов «Қазақстан ковид-19-ға қарсы өзі вакцинасын жетілдірген алғашқы бес ел қатарына енді» деді. Тоғжанов отандық вакцинаның Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгенін айтты. Қазақстан вакцинасының енді халықаралық стандарт сертификатын алуы қажет. Тоғжанов осы мақсатты түріктің «Атабай» компаниясымен ынтымақтастық жасайтындарын айтты», -деп жазады TRT.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бақытжол Кәкеш

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT