Алтайда «қасқыр іздеу» фестивалі басталды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

***

Моңғолиядағы қазақ жастары жаңа жылға жұмсайтын қаржыларын сауапты іске арнады - ulgiinews.mn
null   

Моңғолиядағы қандастарымыз қоныстанған Баян-Өлгей аймағының Демократиялық жастар одағы Жаңа жыл мерекесін тойлаудан бас тартып, мерекені атап өтуге жоспарланған қаражатқа тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетті. Бұл туралы ulgiinews.mn сайты жазады.
null  

Атап айтқанда, жастар жағдайы төмен 13 отбасын таңдап алып, әр отбасына 1 тоннадан барлығы 13 тонна көмір таратып, балаларға сыйлық үлестірді. Бұл соңғы кездері аяз қысып, қалжырата бастаған кембағал жандарға үлкен көмек болып, жүректеріне жылу ұялатты. Сонымен бірге жастар Орталық аурухананың балалар бөлімінде емделіп жатқан 30 бүлдіршіннің көңілін сұрап, оларға да сыйлық ұсынды.
null 

«Бұл шаралардың басты мақсаты - саяси және бейресми ұйымдардың назарын қоғамдағы нәзік топтарға қарай бұру» - дейді аймақтық Демократиялық жастар одағының төрағасы Ерқанат Шынарбекұлы.

***

Алтайда «қасқыр іздеу күнделігі» атты халықаралық қар фестивалі басталды - «Халық газеті»
null  

Шынжаңның Алтай аймағында 26 түрлі қысқы саяхат қимылы басталды. Бұл туралы Қытайдың «Халық газеті» басылымы жазады.

Алтайдың Қанас қарлы алқабындағы « Қасқыр іздеу күнделігі» фестивалінде, қонақтарға арнап қардағы әртістік өнер, аттракциондар, көне терімен шаңғы жарысы, шаңғымен аң аулау, сноумобильдермен жарыс, слалом, қар шашу карнавалдары сияқты шоулардан құралған 26 түрлі мерекелік бағдарлама әзірленген.
null 

Аталмыш халықаралық қар фестивалі 2018 жылғы қаңтардан ақпан айына дейін жалғаспақ. Сонымен бірге ат бәйге, садақ ату және балуандар сайысы секілді ұлттық спорт ойындарымыз да өтетіндігі айтылған.
null 

***

Үрімжіде жалғыз адамға арналған «капсула қонақ үй» пайда болды - «Жэньминь жибао» (People Daily)
null  

Қытайдағы Үрімжі халықаралық әуежайында ерекше үлгідегі «капсула қонақ үй» пайдалануға берілді. Бұл туралы People Daily сайты хабарлады.

«Капсула қонақ үй» Үрімжі халықаралық әуежайының үшінші терминалы ішінде орналасқан. Онда жалпы 52 демалыс бөлмесі бар. Бір қызығы, бөлменің ішкі диаметрі 2 метр, биіктігі 1.1 метр ғана. Ал осы шағын бөлме ішіне теледидар, WiFi орнатылған. Жолаушылар қонақ үйге телефон арқылы алдын ала тапсырыс та бере алады.
null 

Соңғы жылдары Жібек жолындағы маңызды қала ретінде Үрімжіге келіп-кетушілердің саны күрт артып отыр. Тек өткен жылы ғана Үрімжі халықаралық әуежайы 21 миллионға жуық жолаушыны қабылдаған.

****

Түрік кәуабы ғарышқа жолданды - TRT
null 

«Швейцариядағы «Айверди» атты түрік мейрамханасы қызықты жобаны жүзеге асырды», деп жазады Түрік телерадио компаниясы.

Кәуапты шарға байлаған мейрамхана командасы өнімдерін стратосфера қабатына жеткізді.

Осы елдің баспасөзіне мәлімдеме жасаған мейрамхана басшылары бұл салада бірінші рет осындай жоба ұйымдастырғанын айтып, Гиннестің рекордтар кітабына өтініш бергендерін жеткізген.

Гиннестің рекордтар кітабы өкілдерінен теңіз деңгейінен 37 мың 795 метр биіктікке көтерілген кәуапқа қатысты әзірге жауап келмеді.

***

Иран - Қытай сауда бағытындағы Жібек жолының буыны - Fars ақпарат агенттігі
null 

Қытай-Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолындағы тасымал тарихи Жібек жолы бағытының транзиттік және сауда жобаларына айналуда. Бұл туралы Fars ақпарат агенттігі жазады.

Иран, Қазақстан, Қытай мен Түркіменстан 2017 жылдың соңында төрт ел арасындағы темір жол қатынасы көлемін арттыруға келісті. Аймақтың географиясында Орталық Азия мен Кавказ елдерінің халықаралық суларға шығуы өте маңызды. Сауда тұрғысынан Иран, Қазақстан, Қытай мен Түркіменстан темір жолы бүкіл аймақтың сауда ынтымақтастығына оң әсерін тигізеді.

«Жібек жолы пойызы» деп аталған Иран, Қазақстан, Қытай мен Түркіменстанның бірінші жүк тасымалдайтын пойызы екі жыл бұрын 2016 жылдың басында Қытайдан шығып, 10 339 километр жолды өтіп, 12 күннен кейін Тегеранға жеткен болатын.

«Келесі пойыз 2017 жылы 29 желтоқсанда жолға шығып, Қазақстанның «Болашақ» темір жол желісі және Түркіменстан арқылы Тегеранға келе жатыр. Чанша-Тегеран темір жолы Қазақстан мен Түркіменстаннан өтеді. Оның ұзындығы - 10 297 километр. Эксперименттік пойыз 14 күнде діттеген жеріне жетеді. Бұл теңіз арқылы тасымалдаумен салыстырғанда уақыт тұрғысынан ең қысқа жол болады. 2014 жылы Иран-Түркіменстан-Қазақстан темір жолын іске қосу арқылы әлемнің Шығысы (Қытайдан Орталық Азияға дейін) мен Батысын (Батыс Еуропа елдері) қосатын құрлық жолының ұзындығы шамамен 10 000 километрге қысқарды. Иранның үлкен экономикалық нарығы мен Оман теңізі және Парсы шығанағы суларына шығу мүмкіндігі Иранның аймақтағы негізгі транзит орталығына айналуына жақсы жағдай тудырады», деп жазады дереккөз.

***

Қытай ғалымдары 1.1 секундта қуатталатын ерекше батарея ойлап тапты - «Жэньминь жибао» (People Daily)
null 

Қытайдың Жыжияң университетінің ғалымдары 1.1 секундта қуатталатын, суық пен ыстыққа төзімді жаңа типтегі алюминий ــ графен батареясын ойлап тапты. Бұл туралы «Жэньминь жибао» сайты хабарлады.

Аталған батарея ыстыққа да, суыққа да шыдамды әрі бүктеуге болатын икемділігімен ерекшеленуде.

Оның бір беті графен жұқа қабыршақты, екінші беті түсті металл. Екі дана батареяны бір біріне жалғасаңыз LED шырағын жандырмақ. Ал қуаттау сыйымдылығы - 120mAh/g. 250 мың рет тоқтаусыз жұмыс істегеннен кейін де қосымша 91 пайыз қуат күші қалатыны анықталған. Сонымен қатар, бұл батареяны  - 40 градус суықтықтан 120 градус ыстыққа дейін қолдануға болады.

***

Қытайда мұз ойма шеберлерінің сайысы өтті - Тянь-Шань порталы 
null     

Қытайдың солтүстік шығысындағы Харбин қаласыда 7-мемлекеттік мұз фестивалі өтті, деп хабарлайды Тянь-Шань порталы. 
null 

5 күнге жалғасқан сайысқа Қытайдың әр аймағынан 14 команда бақ сынады. Шеберлер өнерін салып, аталған жарысқа өздерінің керемет туындыларын ұсынды.
null null null 

Соңғы жаңалықтар