+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

«Алтай» волейболшыларына халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы беріледі

2021 жылғы 14 қазан 15:59
Бөлісіңіз:
«Алтай» волейболшыларына халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы беріледі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Биыл Азия чемпионы атанған шығысқазақстандық «Алтай» волейбол клубының ойыншыларына халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еркебұлан Малшыұлы Моңғолиядағы күрестен аймақтық лашын атағын жеңіп алды Шымкентте бадминтоннан ел чемпионаты өтеді Бүгін футзалдан Еуропа чемпионатының жеребе рәсімі өтеді: Қазақстан 1-себетте

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Алтай» волейболшыларымен кездесу өткізіп, спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын клубтық Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.

«Алты жыл бұрын біз осы клубты құрдық. Волейболшыларымыздың мұндай мықты нәтижелерге қол жеткізе алатындығына көбінің күдікпен қарағаны рас. Бірақ бүгінде олар мүмкін емес ештеңе жоқтығын дәлелдеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Мәдениет және спорт министріне «Алтай» ойыншыларына халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын беруді тапсырды», - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, қазір клубтың басты мақсаты – Қазақстан чемпионатында лайықты өнер көрсетіп, 2024 жылы Олимпиада ойындарына дайындалу және әлемнің ең үздік клубтарының үштігіне кіру.

«Бастысы алдыға асқақ мақсаттар қоюдан жасқанбай, керісінше оған жетудің жолдарын қарастырудан тайынбау қажет. Команданың күшейіп жатқаны қуантады. Ал екінші «Алтай» командасы да қазақстандық жарыстарда өз өнерлерін көрсетуге сақадай сай. Сондай-ақ Семей қаласында тағы бір клуб ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Өйткені волейбол өте танымал және көптеген азаматтардың қызығып көретін спорт түрі», - деді Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін «Алтай» волейбол клубының Азия чемпионы атанғаны хабарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT