Алтай Көлгінов: Жеке сектордағы үйлер газға көшіріле бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жұмысы ішінара газға ауыстырылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін газ қазандықтары ресми түрде іске қосылды. Ол үшін бірнеше ай бойы жабдықтарды ауыстыру, қорғау, желдету және газ шаруашылығы жүйелерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Қалған қазандықтарды газға ауыстыру жұмыстары жалғасады. ЖЭО қазандықтарының жұмысын газға ауыстыру қоршаған ортаға көмір шаңы, күкірт сияқты зиянды қалдықтарды айтарлықтай азайтады», - деді қала әкімі.

Әкім 19 әлеуметтік нысанды автономды қазандықтардан газға көшіру бойынша (мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер) жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

«Сонымен бірге елді-мекендердергі жеке сектордағы үйлер газға көшіріле бастады», - деп толықтырды әкім.


Соңғы жаңалықтар