Алтай Көлгінов жаңаөзендіктер талабы туралы: Біздің міндет – қолда бар бос жұмыс орындарын ұсыну

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкімет отырысынан кейін жаңаөзендік жұмысшылардың талабы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұның бәрі – келіссөз мәселесі. Бәрі заң аясында шешілуі керек. Олар тендерден ұтылған компания қайтадан ұтып шыққанын қалайды. Бірақ, бұл мүмкін емес. Бәрін заң аясында істеу керек. Тендер талаптары бар, мәселені сот тәртібімен немесе заңды негізде қарау қажет. Жай ғана талап ету – жұмсақтап айтқанның өзінде дұрыс емес. Біздің міндет – оларға қолда бар бос жұмыс орындарын ұсыну. Мемлекеттік органдар қазір солай істеп те жатыр», - деді вице-премьер.

БАҚ өкілдері «Жұмысшылар талабы тендерден ұтылған жұмыс беруші компанияның лоббиі болуы мүмкін бе?» деген сауал қойды.

«Бұл лобби ме, ол жағын ашып айта алмаймын. Бәрін заң аясында қарау керек. Уәкілетті органдар келіссіөз қорытындысы бойынша ақпарат береді. Мұның бәрін әсірелей беруге болмайды. Фактілер бойынша қарайық. Адамдардың талаптарын мемлекеттік органдар естіп отыр. Өздерінде бар өкілет аясында ұсыныстарын айтып жатыр», - деді Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар