Алтай Көлгінов учаскелік полиция бекеттерін аралады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов жаңа ғимаратты қажет ететін учаскелік полиция бекеттерін аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Учаскелік инспекторлар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Олардың күнделікті еңбегінің арқасында елордада құқықбұзушылықтар саны азайды. Қала аудандары бойынша 30-дан астам учаскелік полиция пункті орналасқан. Олардың кейбіреуі жөндеуді қажет етсе, кейбірін жаңа ғимаратқа көшіру керек», - деп жазды Instagram-дағы парақшасында Алтай Көлгінов.

Қала әкімінің айтуынша, ескі вокзал ауданында Гете көшесінде орналасқан учаскелік пунктіне тұрғындар көп жүгінеді. Себебі онда пойыз, қалааралық автобустарға байланысты адамдардың үлкен ағыны байқалады.


Елорда басшысы мен ПД бастығы сондай-ақ, Дүкенұлы, Әуезов көшелеріндегі учаскелік пунктерге барған.

Нәтижесінде А.Көлгінов ғимараты ескірген тірек пунктері үшін жаңа орындар қарастыруды тапсырды.


«Биыл полицияның учаскелік пунктерінің бір бөлігі жөнделді, өткен жылдың жазында 400-ден астам қызметкер еңбек етіп жатқан Есіл ауданының полиция басқармасына жаңа ғимарат берілді. Сонымен қатар, автопаркті жаңартып жатырмыз, тек осы жылдың күзінде ғана полицейлерге қосымша 65 автокөлік берілді. Жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандардан басқа полицияның тірек пунктерін ашамыз.


Мемлекет басшысы жергілікті полиция қызметін реформалау аясында учаскелік инспекторға басты рөл жүктелетінін, қызмет «полиция қадамдық қолжетімділік« қағидаты бойынша жұмыс істеуі тиістігін атап өтті.

Бейінді мемлекеттік органдармен бірлесіп, Полиция департаменті қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жұмысты жүйелі негізде жалғастырамыз», - деп жазды Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар