Алтай Көлгінов Петропавлдағы оқиға туралы: Ол мектепте лицензиясы бар күзет қызметі болмаған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Петропавлдағы қанды оқиға болған мектепте бейнекамера болғанымен, лицензиясы бар күзет қызметін болмағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мектепте бейнекамералар болғанымен лицензиясы бар күзет қызметі болмаған. Қазір әкімдіктердің алдына бүкіл мектептерді бейнебақылаумен жабдықтау туралы міндет қойып отырмыз. Әсіресе қалаларда, аудан орталықтарында интернет бар жерлерде мектеп камералары полция басқармасының жедел орталғыныа жалғануы керек. Сондай-ақ, турникет бойынша да талаптар бар. Бірақ ол талапты өңірлердің бәрі орындай қойған жоқ», - деді вице-Премьер.

Оның айтуынша, қазір елдегі бүкіл мектептерде түгендеу жұмыстары жүреді.

«Сондықтан қазір бүкіл өңірлерге, мектептерге, білім басқармаларына түгендеу жүргізіп, стандарттар, бірінші кезекте қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін тексеру тапысырылды», - деді ол.


Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар