+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Алтай Көлгінов пен Алик Шпекбаев «Астана – адалдық алаңы» жұмысымен танысты

2021 жылғы 14 қаңтар 14:23
Бөлісіңіз:
Алтай Көлгінов пен Алик Шпекбаев «Астана – адалдық алаңы» жұмысымен танысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев елордадағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа бейім салалар аталды «Регион-ГЗ» мемлекеттік сатып алу тиімділігінің мониторингін жүргізуге мүмкіндік береді Энергетика министрлігінде жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдері талқыланды

Алдымен қала және агенттік басшысына Тұрғын үй саласында қызмет көрсету бойынша бірыңғай орталығының жұмысы таныстырылды. Орталықта азаматтар тек мемлекеттік қызметтерді ғана емес, тұрғын үй сатып алу мәселесіне қатысты да кеңес ала алады.

«Орталық ашылғалы 3 айдың ішінде 15 мыңнан астам елорда тұрғынына қызмет көрсетілді. Күніне орташа есеппен баспана мәселесіне қатысты 300 адамды қабылдаймыз. Бұл жерде 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, ол ішінара 12 тармаққа бөлінеді», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Асылбек Есенбаев орталықтың жұмысымен таныстыра отырып.

Келесі нысан қаладағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қызмет көрсету және кеңес беру фронт кеңсесі болды.

«Бұл жерде азаматтар тіркеу туралы куәліктерді, әскери билеттерді немесе олардың түпнұсқаларын, соғыс ардагерлеріне куәліктерді, жеңілдіктері бар адамдарға анықтамаларды, әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтаманы, әскери қызметке қатысы туралы анықтаманы, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін анықтаманы, азаматтарды әскери – техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару бойынша қызметтерді ала алады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Мұрат Берекполов.

Оның айтуынша, аталған департаментте тұрғындарға мемлекеттік қызметтің 9 түрі ұсынылады.

Одан әрі, Алтай Көлгінов пен Алик Шпекбаев елордада ашылған әлеуметтік дәріхана жұмысымен танысты.

Айта кетсек, елорда тұрғындарына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған аталған қызметтер «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр.








Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT