+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болды

2019 жылғы 13 маусым 10:45
Бөлісіңіз:
Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Алтай Сейдірұлы 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен.
2001-2008 жылдары ҚР Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.
2008-2010 жылдары - «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары.
2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды. 2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT