Алтай Көлгінов: Менің үйімде су ағып тұр, бірақ Астананың кей аудандарында су мәселесі бар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Астана әкімі болып тұрғанда қаланың су мәселесін шешу үшін қандай жұмыс тындырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкім кезімде жасалған жұмыстарды айтып берейін. Алпысыншы жылдардың соңында бірінші станса іске қосылған. Екіншісі 2011 жылы жұмыс істей бастады. Бірақ Астананың өсуіне, тұрғындардың көбеюіне байланысты 2020 жылы жобалау жұмыстарын бастап, 2021 жылы жаңа станса құрылысын бастадық. Ол жұмыс қазір аяқталды. Демек жаңа стансада қазір құрал-жабдықтарды іске қосу жұмысы жүріп жатыр. Әкімдіктің мәліметі бойынша, осы маусым айында су берілуі керек. Соны біз жасадық», - деді Алтай Көлгінов Үкімет отырысынан кейін кулуарда.

Журналистер спикерден өз үйінде су қаншалықты іркіліссіз беріліп тұрғанын сұрады.

«Менің үйімде су бар. Бірақ Астананың кейбір аудандарында су мәселесі бар. Оны біз білеміз», - деді вице-премьер.


Соңғы жаңалықтар