Алтай Көлгінов мәдениет нысандарының құрылысына ерекше көңіл бөлмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениет нысандары халықтың игілігіне жұмыс істеп қана қоймай, қаланың визит картасына, тартымды орындарының біріне айналады.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловпен бірге елордадағы бірқатар мәдениет мекемесін аралап көрген Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов өзінің Facebook парақшасында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ойынша, мәдениет нысандарының құрылысына, оларды жаңғырту ісіне ерекше көңіл бөлу қажет.

«Жаңа мәдениет нысандарын салумен қатар, қолданыстағыларына тиісті деңгейде көңіл бөліп, мүмкіндігінше сақтап қалған жөн. Алматыда Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловпен бірге бірқатар мәдениет мекемелерінде болдым: М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және т.б.

Мәдениет қайраткерлерімен кездестік. Олардың қатарында Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Мұрат Әуезов және т.б. бар. Кездесуде шетелдік театр ұжымдарымен өзара тәжірибе алмасу, жаңа мәдениет нысандарын салу, қолда бар нысандарды жөндеу секілді өзге де мәселелер көтерілді»,-дейді вице-премьер.

Мәселен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ғимаратын қайта жаңғыртуы қажет. Көтерілген мәселелерді шешу бойынша жұмыс қолға алынды.

«Мәдениет саласы қызметкерлерінің мәртебесін арттыру үшін үнемі жұмыс істейтін боламыз»,-деді Алтау Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар