Алтай Көлгінов: Қызметкерлерді өнеркәсіптегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру көрсеткіші төмендеп барады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада өтіп жатқан «KIOSH-2023» халықаралық конференциясына қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру жүйесіндегі олқылықтарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өнеркәсіптегі жазатайым оқиғалардан әлеуметтік сақтандыру жүйесі жүйелі жолға қойылмаған. Кәсіпорындардағы жағдай жұмыс беруші мен жұмыскер үшін тиімді болуы тиіс. Дегенмен сақтандыру көрсеткіштері төмендеп барады. Бүгінгі таңда еліміздегі кәсіпорындардың 30%-ы ғана өздерінің қызметкерлерін сақтандырды. Оның ішінде 48%-ы жалдамалы жұмыскерлер. Бұл инспекциялар мен сақтандыру компаниялары жіберіп отырған үлкен олқылық», - деп мәлім етті Алтай Көлгінов.


Сонымен қатар, Алтай Көлгінов баяндама жасай отырып, жыл сайын еліміздегі кәсіпорындарда 2 мың адам өнеркәсіптік жарақат алып, салдарынан шамамен 200 жұмыскер көз жұматынын мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар