+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Алтай Көлгінов құрылыс нысандарын аралап, үлескерлермен кездесті

2019 жылғы 19 маусым 07:51
Бөлісіңіз:
Алтай Көлгінов құрылыс нысандарын аралап, үлескерлермен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов үлескерлік құрылыстың проблемалы нысандарын аралады. Әкім нысандардың құрылыс барысымен танысып, тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен әңгімелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкім Ы. Дүкенұлы, А. Панфилов, Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы құрылысы жүріп жатқан «Гарант» КТК нысанын аралап шықты. Жалпы ауданы 17,602,80 шаршы метр болатын 330 пәтерге есептелген проблемалы нысанның құрылысын «Азбука жилья» компаниялар тобы 2011 жылы бастаған болатын. Құрылысты аяқтау үшін 2016 жылы нысан «Орда Инжиниринг» ЖШС-ға өткізілді. Үлескерлердің жалпы саны - 168 адам. Нысанды 2020 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Әр апта сайын бір-екі проблемалы көппәтерлі тұрғын үйлерді аралап тұрамын. Жоспарлы кесте түзілді. Құрылыстың аяқталу процесін және созылып кеткен үлескерлер мәселесінің түбегейлі шешімін табуды бақылауда ұстаймын» - дедi әкім.


null

Сондай-ақ, әкім Шұбар тұрғын алабының Қалқаман және Наркескен көшелерінің қиылысында орналасқан «Комфорт de Luxe» ТК құрылыс алаңына барды. Жалпы ауданы 15 734,50 шаршы метр болатын 216 пәтерге арналған тұрғын үй кешенінің құрылысы 2012 жылы басталған. Бұл нысан бойынша үлескерлердің жалпы саны - 227 адам. Құрылысты 2019 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT